Владимир Смирнов – Қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақстандық спортшы. Ол - 1994 жылы норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарыда шаңғы спортынан сынға түсіп, 50 шақырымдық бәсекеде Олимпиада чемпионы атанған. Сондай-ақ, 10 және 15 шақырымдық бәсекеде күміс жүлде иеленген. Ол – бұл уақытта орда бұзар 30 жаста болатын.
«Олимпиада ойындарына келгенімде жасымның 30-ға толғанын білетінмін. Өзімнің соңғы Олимпиадаға қатысып жатқанымды ескеріп, қалайда Олимпиада чемпионы атануым керек деген мақсат қойдым», - дейді Владимир Смирнов.