Құрамында фтор бар тіс пастасын ноқат секілді көлемде тіс тазалағыша жағылса, тісті тазалауға жетіп жатыр. Сондай-ақ, 6 жасқа дейінгі балалардың тісін тазалауға күріш көлеміндегі паста жетеді.
Балаларға не үшін аз көлемде қолдану керек? Себебі, олар тіс пастасын жұтып қоюуы мүмкін. Балалар тіс пастасын жұтып қойса олардың тісінде дақ қалдыратын флюороз ауру пайда болады.
Жалпы, тіс пастасын көп жағудың еш пайдасы жоқ. Тек артық ақшаңыз пастамен бірге суға ағып кетеді.
Америкалық тіс дәрігері Стивен Голдберг: «Көпшілік жарнама құрбаны болады. Жарнама берушілер пастаны көп мөлшерде тіс тазалағышқа жағып, адамдарды алдайды», деп есептейді.