Алматыда «Мұражайдағы Наурыз» фестивалі өткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Мұражайдағы Наурыз» фестивалі өткізіледі

04.03.2016
Алматыда «Мұражайдағы Наурыз» фестивалі өткізіледі

Алматыда 22-27 наурыз аралығында Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында бір апта бойы «Мұражайдағы Наурыз» фестивалі өтеді.

Мерекелік аптаның әрбір күні келушілер үшін интерактивтік, танымдық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылмақ. Өнер мұражайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн сайын ұлттық киім киіп келген адам мұражайға тегін кіре алады.

Ал, мұражайда әр күні сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін «Шай әлемі» шарасы өткізіледі. Келушілер қыш шәйнектерге өрнек салудан өткізілетін шеберлік сабағына қатысып, шайдан дәм тата алады.

Хабарламаларға жазылу