«Алға қойған жоспарлар өте көп. Қазір уақыт тапшы болып жатыр. Көпшілік бізден дуэттік әндер күтеді. Осы бағытта жұмыс істесек деген мақсатымыз бар», дейді әнші жұп.
«Ұлымыз Назарәлі де ержеткенде өнердің айналасында, жақсы жандардың ортасында жүрсе деген ниетіміз бар. Сондықтан, қазірден бастап, әнсапарларға, концерттерге өзімізбен бірге алып жүреміз».
«Таңшолпан» студиясында жұлдызды жұптың орындауында ақын Назгүл Бердіқожаның сөзіне жазылған жаңа әннің тұсауы кесілді.