«Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасы жаңа айналымын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасы жаңа айналымын бастады

24.03.2016
  «Шалқар» радиосының «Саз керуен» жобасы жаңа айналымын бастады

«Шалқар» ұлттық радиосының үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» жобасы жалғасуда. Байқаудың бесінші айналымы басталды. Бұл кезеңде тыңдармандар назарына 12 жаңа ән ұсынылды.

Ереже бойынша, shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған әуен жылдық байқауға жолдама алады. Сондай-ақ,радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

Ахметжан Рабжан - «Сен елессің»

Арайлым Рахымқызы - «Наурыз»

Мақсат пен Мақсат - «Біз жүрген жолдар» 

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева -  «Ойла» 

Айнұр Қажымолла - «Қардағы махаббат»

Есет Сәдуақасов - «Сыйластық»

Ермек Меденов - «Сүйіктіме хат»

Төлжанбек Жақсыбаев - «Жеңеше»

Аққу мен Гүлназ - «Бір үйде» әні

Айдын мен Келбет - «Немерем»

Әйгерім Қалаубаева - «Астана шақырады»

Меңдеш пен Ақмарал -  «Анашым»

«Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Ерекшелігі - үміткердің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады.

Сондай-ақ, байқауда әуесқой әншілердің де бақтарын сынауға мүмкіндіктері бар екенін естеріңізге саламыз. Қосымша ақпаратты 8 (717) 2 55 33 48 нөмірі арқылы біле аласыздар.

Бағдарлама әуе толқынына әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-де шығады. 

Хабарламаларға жазылу