Әйгілі «Bambino» балмұздақтарын кез келген сауда орындарынан кездестіруге болады және балмұздақ сататын орындарда қашан барсаң, кезек көп. Дәмі тіл үйіретін тәттілердің қалай жасалатыны кімге де болса қызықты екені даусыз.
Ал, осы балмұздақ дайындау кәсібін дөңгелетіп отырған қазақ баласы екенін біреу білсе, біреу білмес. Бүгінгі «Табыс сыры» хабарында «Банур» балмұздақ шығаратын кәсіпорын басшысы Азамат Нұрғожаев табыс сырымен бөліспек.