2-6 наурыз аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында үшінші рет ұйымдастырылып жатқан футзалдан «Еременко кубогы – 2016» турнирі өтеді.
Турнирге жалпы саны алты команда қатыспақ. Олар – қазақстандық «Қайрат» пен «Астана-Тұлпар», ресейлік – «Синара» (Екатеринбург), «Тюмень» және «Норильский никель» (Норильск). Сондай-ақ, Латвиялық – «Никарс» командалары.
Турнирдің былтырғы чемпионы – «Синара» клубы.
«Еременко кубогы – 2016» турнирінің жеребесі:
«А» тобы: «Синара», «Астана-Тұлпар», «Никарс»
«В»: «Тюмень», «Қайрат», «Норильский Никель»
2 наурыз
«Синара» - «Астана-Тұлпар»
«Тюмень» - «Қайрат»
3 наурыз
«Никарс» - «Астана-Тұлпар»
«Норильский никель» - «Қайрат»
4 наурыз
«Синара» - «Никарс»
«Тюмень» - «Норильский никель»
6 наурыз
5-6 және 3-4 орын үшін ойын және финал.