Мәдина Наурызбай - көпбалалы отбасының төртінші презенті. Бойжеткен кішкентайынан ән айтады. Жаркентте тұратын ата-анасы мен бауырлары Алматыға қыдырып келгенде, Мәдинаның салған әнін естімей қайтпайды.
«Әнші болу - бала күнгі арманым. Мектепте байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрдім», дейді ол.
Өнерге қабілеті барын ең алғаш әкесі байқаған. Қызының әрбір жетістігіне қуанып, ақыл-кеңесін айтып отырады.
Балалардың анасы Майя Молдаханова 32 жасына дейін 7 баланы дүниеге әкелген. Қазір - 43 жаста. Мектепте ұстаздық етеді. Үйдің кенжелері Диас пен Алуа егіз. «Ананың батырлығы өмірге көп бала әкелумен ғана өлшенбейді. Лайықты тәрбие беріп, қоғамның тең құқылы азаматы етіп өсіру де - парыз», дейді көпбалалы ана.
«Жастар өмірге ұрпақ әкелуден қашпаса екен», деп тілейді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.