25 жасында 6 баланың анасы атанған елордалық тұрғынның тілегі Елбасына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 жасында 6 баланың анасы атанған елордалық тұрғынның тілегі Елбасына жетті

07.12.2015
25 жасында 6 баланың анасы атанған елордалық тұрғынның тілегі Елбасына жетті

25 жасында 6 баланың анасы атанған Айгүлдің өтініші далада қалған жоқ. Мұң-мұқтажын бірнеше беттік ақ парақпен жеткізген ананың тілегін Елбасы орындады.

Бір кездері жертөледе тұрған жас отбасы Астананың қақ ортасынан пәтерге ие болды. Елорда қалалық әкімдігі жолдасын жұмыспен қамтып, балаларын балабақшаға орналастырған.  

«Қазақстан» ҰТА «Таңшолпан» бағдарламасының ұжымы жас жанұя мүшелерімен арнайы жолығып, түсірілім жасап қайтты.

«Зәулім үйден пәтерді Елбасымыз текке берген жоқ. Оның да сұрауы бар. Сұрауы - елін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу», дейді көпбалалы ана.

Хат Мемлекет басшысына қалай жетті, пәтер қанша уақытта берілді? Толығырақ таңғы бағдарламаның ертеңгі эфирінен тамашалаңыздар. 

Хабарламаларға жазылу