29 ақпан - Кібісе күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

29 ақпан - Кібісе күні

29.02.2016
29 ақпан - Кібісе күні

2016 жыл - кібісе жыл. Яғни төрт жылда бір келетін, 366 күнге созылатын жыл.

24 жыл бұрын (1992) Ташкент қаласындағы Халықтар достығы сарайында Қазақстан мен Өзбекстан ақындарының айтысы өтті. Айтыстың бас жүлдесі Қазақстан ақыны Әсия Беркеноваға берілді.

156 жыл бұрын (1860) Герман Холлерит алғашқы электр есептеуіш машинасын - қазіргі калькулятордың алғашқы нұсқасын ойлап шығарды.

108 жыл бұрын (1908) голландық ғалымдар қатты гелийді алды.

60 жыл бұрын (1956) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогика ғылымдарының академигі Ерлан СЫДЫҚОВ дүниеге келді.

64 жыл бұрын (1952) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қатимолла БЕРДІҒАЛИЕВ Орал облысы Қазталов ауданында, Тереңкөл ауылында дүниеге келген.

Хабарламаларға жазылу