Британдық актер Дэниел Крэйг агент 007 образын сомдағысы келмейді. Бұл туралы оның әріптесі әрі досы Марк Стронг шетелдік БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.
М.Стронгтің сөзіне қарағанда, актер «бондиананың» өзге бөлімдерінде жағымсыз рөлді ойнағанды қалаған. Дегенмен, М.Стронг досын франшизаны әрі қарай жалғастыруға көрдірмек.
Айта кетейік, Дэниел Крэйг «007: Спектр» фильмі жарыққа шықпас бұрын Джеймс Бондтың рөлін енді ойнамайтынын мәлімдеген болатын. Ал, MGM студиясы бұл туралы нақты ақпарат берген жоқ.