Атырауда Фариза Оңғарсынованың ескерткіші ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Фариза Оңғарсынованың ескерткіші ашылады

26.02.2016
Атырауда Фариза Оңғарсынованың ескерткіші ашылады

Атырауда қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Фариза Оңғарсынованың ескерткіші ашылады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің мәлімдемесіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Қазақ поэзиясында ерекше орны бар Фариза Оңғарсынованың ескерткіші Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылында бой көтереді. Оның ескерткішінде ақын өлеңдерінің бірнеше шумағы жазылатындығы белгілі болып отыр.

«8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Фариза Оңғарсыноваға арналған ескерткіш ашылатын болады», - деп мәлім етті Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Хабарламаларға жазылу