Оның өлеңдерінен өршіл рухы айқын сезіліп тұратын – Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оның өлеңдерінен өршіл рухы айқын сезіліп тұратын – Н.Назарбаев

24.01.2014
Оның өлеңдерінен өршіл рухы айқын сезіліп тұратын – Н.Назарбаев
Мемлекет басшысы көрнекті ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Елбасы Фариза Оңғарсынованың ұлттық поэзиямызға өзгеше леп әкелген ерекше дарын иесі екенін атап өткен.

«Оның қаламынан туындаған нәзік те отты жырлар әрдайым халқымыздың жан-жүрегін еріксіз баурап алатын. Оның өлеңдерінен өзіне тән өр мінезі, өршіл рухы, адам жанының терең қалтарыстарына жіті үңіліп, соны таң қаларлықтай шеберлікпен аша білетін қуатты талант тегеуріні айқын сезіліп тұратын. Сондықтан да, Қазақстан халқы ақиық ақын, тамаша журналист және еліміздің көрнекті қайраткерін ерекше қадірледі», - делінген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу