Таңғы жыр. «Телефон шалып тұрсың...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңғы жыр. «Телефон шалып тұрсың...»

23.02.2016
Таңғы жыр. «Телефон шалып тұрсың...»

Маған орман секілді көңіл қалың,

Сол орманнан жол тауып аңғарғалы.

Хат жазуды қойып ең, сағынғаным,

Міне, міне, телефон шалып тұрсың.

(Көкейіңде нендейлік қалып тұр зіл?)

Парық – тылсым...

Даусың талықтырсын.

Айта берші, қайдасың?... Ал ұқтыршы?

Біздің хал ма?... Әзірше қол да босап,

Өзің қалай? Күн жылы?... Ол – тамаша!

Сен де менен бір хабар тосқансың-ау,

Мендік сезім сөйлейді, алдамаса.

Денсаулық па?

Кей-кейде жан ауырып...

Ал, былайша – қайнаулы самауырын...

Семей қалай?... Солай де... Ертіс аман,

Бізді қойшы, баяғы Қарауылың.

Көкіректе – күй-дала, өлең-көше...

Хат болар деп тосқан ем сенен кеше.

Бәрі жақсы дейсің бе, дұрыс, дұрыс,...

Келем деген сөзіңді бер, ендеше.

Күлкі менен күдік те жүре ме бір,

(Өмірбақи көңілде түнемегір!)

Қызғылт үміт ішінде – көкшіл арман,

Көкшіл арман ішінде – күрең өмір!...

Қалай? Қалай... ағаң ба?... Жұмысында.

Дейді бізге, «тезірек ұғысыңдар».

Алло-ау,

Алла-ау, жауап бер, жалындырма,

Жаным менің тұр қазір сым ұшында!...

 

 

Хабарламаларға жазылу