20 ақпанда саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталады

19.02.2016
20 ақпанда  саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталады

Оның деректеріне қарағанда, ертең 20 ақпанға тағайындалған Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялар үшін үгі-насихат науқаны басталады. Аталмыш науқан наурыздың 18-і күні сағат 12-00-де аяқталады.  

«Осыған байланысты біз сайлауға қатысушы саяси партиялар мен кандидаттарды, сондай-ақ олардың сайлауалды штабтары мен сенім білдірілген адамдарын адал күрес жүргізуге шақырамыз. Партиялар «лас» технологияларды қолданбай, өздерінің үгіт-насихат іс-шараларын ашық, әділ және транспаренттік сайлау өткізу үшін тек қазіргі құқықтық алаң шеңберінде жүзеге асырулары керек» - деді  ОСК төрағасы.

Сондай-ақ, ол сайлау заңнамасының үгіт науқанын жүргізуді реттейтін негізгі ережелерін еске салды. Барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға, үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ, дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға тыйым салынады.

Қ.Тұрғанқұлов үгіт кезеңінде саяси партиялар мен кандидаттардың митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және басқа да сайлауалды іс-шараларды ұйымдастыруына және өткізуіне рұқсат етілетінін атап көрсетті. Бірақ заңнамаға сәйкес, осы тәрізді іс-шаралар оларды өткізуге дейін 10 күн бұрын жергілікті атқарушы билік органдарымен келісілуі тиіс.

Хабарламаларға жазылу