Астанада академик Салық Зимановтың 95 жылдығына арналған шара өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада академик Салық Зимановтың 95 жылдығына арналған шара өтеді (ВИДЕО)

18.02.2016
Астанада академик Салық Зимановтың 95 жылдығына арналған шара өтеді (ВИДЕО)

Ертең Астанадағы Ұлттық кітапханада, сағат 15:00-де қоғам және мемлекет қайраткері, академик Салық Зимановтың 95 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ.

Шараға академик Камал Ормантаев, Кенжеғали Сағадиев бастаған ғалымдар қатысады.

«Салық Зиманов - «Қазақ заңының патриархы», «Қазақ заңының корифейі», «Қазақ заңдары ғылымының абызы», деген үлкен атақтарға жеткен абзал азамат.  Қаныш Сәтбаев Қазақстан ғылым академиясының президенті болып тұрған кезде ол кісіні мақтан тұтып, «Қазақстандағы ғылымның көш бастаушысы» деп баға берген», дейді ғалым.

«20 жылдай шәкірті болып жанында жүрдім. Ол кісінің бастамасымен бірнеше ғылыми еңбектер жаздым. Үнемі бағыт-бағдар беріп отыратын. Көп сөйлемейтін, бір сөйлесе, тереңнен қозғайтын азамат еді».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу