Қызылорда облысында полимер цехы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында полимер цехы іске қосылды

17.02.2016
Қызылорда облысында полимер цехы іске қосылды

Бұл цех техникалық тұз өндірісін ұлғайту жобасының бір бөлігі.

«Біздің басты мақсатымыз - егемен елімізді, Сыр елін дамытуға, халқымыздың әлеуметтік жағдайын оңалтуға атсалысу. Өндірісті өсіріп, жаңа жұмыс орындарын құрған осы полимер цехының қосылуы сол бағыттағы үлкен бір қадам. Бүгін біз осы қуанышты аудан халқымен және өздеріңізбен бөліскенімізге қуаныштымыз», - деді телекөпір арқылы байланысқа шыққан «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Арал ауданында «техникалық тұз өндірісін ұлғайту» жобасы іске асырылуда. Жобаға екі жарым миллиард теңгенің үстінде инвестиция салынды және дүниежүзі бойынша тұз өндіруге арналған ең жақсы, испаниялық («Construccines Mecanicas J.SERRA, S.A.») құрал-жабдық алынды.

Бұған дейін зауыт өнімділігі жылына 120,0 мың. тонна болса, жаңа зауытты іске қосу арқылы өнімділікті 1,7 есеге ұлғайтуға мүмкіндік алды. Бұрын «Аралтұз» ішкі нарықта ас тұзының 70 пайызын қамтыса, жаңа зауытты іске қосу арқылы ол үлес 90 пайызға дейін жетті. Сәйкесінше, сыртқы нарықтағы үлес те ұлғаюда. Жаңадан 300-ден астам жұмыс орнын құру көзделген, қазір соның 150-уі құрылып, зауытта барлығы 800-ден аса жұмысшы қызмет атқаруда.

Сонымен бірге, кәсіпорын химия өнеркәсібін дамыту мақсатында құны 220 млн. доллар құрайтын кальцийлендірілген сода және кір жуғыш ұнтақ шығару жобалары жоспарлауда.

Хабарламаларға жазылу