Қызылорда облысында кварц құмын шығаратын комбинат іске қосылды
Қызылорда облысы Арал ауданында кварц құмын шығаратын тау-кен комбинаты іске қосылды. Жаңадан ашылған өндіріс орнына жергілікті 70 тұрғын жұмысқа орналасты.
Инвесторлар теңізді өлкенің топырағын ұзақ жылдар бойы зерттеп, Бельгия, Ресей елдерінің зертханаларында сынама жүргізген. Соның нәтижесінде мамандар Аралдан ең сапалы кварц құмы шығатынына көз жеткізген. Әзірге индустриялық жобаның бірінші кезеңі жүзеге асып отыр. Комбинатта жылына 120 мың тонна байытылған концентрат пен құрылыс ұнтақтары өндіріледі. Оның 30 пайызы ішкі нарыққа, қалғаны шет елдерге экспортталмақ. Сондай-ақ, кварц құмы алдағы уақытта шыны зауытында кеңінен пайдаланылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00