ОСК төрағасы халықаралық ұйым миссиясының басшысымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК төрағасы халықаралық ұйым миссиясының басшысымен кездесті

17.02.2016
ОСК төрағасы халықаралық ұйым миссиясының басшысымен кездесті

Кездесуге, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы басшысының орынбасары Полин Мария Лемос, ҚР ОСК мүшелері, сонымен қатар, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау және құқық мәселелері жөніндегі мамандары қатысты, деп хабарлайды ОСК-ның баспасөз қызметі.

ОСК басшысы Фрлец мырзаны ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға дайындық жөніндегі жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ ҚР ОСК-ның және сайлау органдарының жалпы ағымдағы жұмысы туралы айтты.

«Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясы барлық қажетті кадрлық, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған және сайлауды өткізуге дайын. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары толықтырылған және жұмысқа әзір. Сонымен қатар, біз сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жөніндегі, сайлаушылар тізімдерін жаңғырту мен түзету жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз. ОСК төмен тұрған сайлау комиссияларын тиісті құралдармен, брошюралармен, сондай-ақ баспа, дыбыс және бейнематериалдармен қамтамасыз ете отырып, оларға қажетті ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетуде» - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы өз кезегінде кездесуді ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ  ҚР ОСК тарапынан көрсетілген көмек пен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді және миссия сарапшылары жұмысының ұйымдастырылуы туралы баяндады. 

Кездесу барысында сондай-ақ, партиялық тізімдерді ұсынуға және тіркеуге, үгіт науқанын өткізу шарттарына, сондай-ақ дауыс беру күнінің сайлау рәсімдері мен сайлау қорытындыларын шығаруға байланысты мәселелер талқыланды.

Соңында ОСК басшысы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы сарапшыларының жұмыстарына сәттілік тіледі.

Хабарламаларға жазылу