Қазақстанда алғаш рет «көбелек балаларға» операция жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда алғаш рет «көбелек балаларға» операция жасалды

23.02.2023
Қазақстанда алғаш рет саусағы біріккен балаларға операция жасалды. Бұл диагноз медицина тілінде "буллезді эпидер-молиз" деп аталады. Яғни, генетикалық ауру, жұқпалы емес. Өте сирек кездесетін мутациядан туындайды. Жаңа туған 125 мың нәрестенің тек біреуінде кездеседі. Қазір еліміз бойынша осы дертке шалдыққан 100-ден аса бүлдіршін есепте тұр. Науқастардың 70%-ы мүгедек болып қалуы мүмкін. Бала бойындағы өзгерісті хирургиялық жолмен ғана қалпына келтіруге болады. Бұған дейін отандық дәрігерлер бұл операцияны шетелде жасап келсе, енді өзімізде де қолжетімді болмақ. Екі жарым сағатқа созылған ота сәтті өтті дейді дәрігерлер. Енді балалар толық қалпына келіп, ашылған саусақтарына үйренгенше, клиникада ем қабылдайды. 

Хабарламаларға жазылу