Отандық медицинаның әлемді таңқалдырған жетістіктері қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық медицинаның әлемді таңқалдырған жетістіктері қандай?

16.11.2019

Отандық медицинаға қарсы қарша бораған сынның көптігі бұл саланың төрін біліксіздер басып жүр дегенді білдірмейді. Бізде де әлемдегі ақ халаттыларды таңқалдырған талай ота жасалды. Оның бірі - жүкті әйелдің жүрегіне жасалған ашық операция. Шымкенттік дәрігерлер оперция кезінде әйелдің жүрегін уақытша тоқтатып қойып, босандырып алған. Тағы бір жетістік, біздің нейрохирургтер науқастың зақымданған кеуде омыртқасын алып тастап, орнына имплант салған. Отаның сәтті өткенін көрген әлемнің әр түкпіріндегі дәрігерлер біздің мамандардың тың тәсілін пайдалануға құлшынып отыр. Осы тұста отандық медицинаны тағы бір биікке көтереді деген үмітпен жасалған қадам - міндетті медициналық сақтандыру. Біріміз білеміз, біріміз әлі толық ақпарат ала алмадық.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ  


Хабарламаларға жазылу