Павлодар облысында голландтық раушан гүлдерін өсіретін жылыжай кешені ашылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өңір әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
«Бірнеше күннен кейін голландтық раушан гүлдерін өсіруге арналған жылыжай ресми түрде ашылатын болады. Бес гектар жерде жылына 7 млн гүл өсіріледі деп күтілуде»,-деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, жылыжай Екібастұз ГРЭС-1 маңында орналасқан және аталған станциядан шыққан артық жылу енді осы жылыжайға бағытталады.
«Шамамен бір аптадан кейін алғашқы гүлдер қиылатын болады, сондықтан да барша журналистерді Екібастұз қаласындағы осы жылыжайдың ашылуына шақырамын»,-деді Қ.Бозымбаев.