Бұл мәліметтерді «Медиа-Систем» агенттігі Brand Analytics сервисінің көмегімен дайындалған есебінде жария етті. Аталмыш зерттеулер 2015-2016 жылдардың қыс мезгілінде жасалған. Бұл ретте басты назар желіде ең құрығанда айына бір рет өзінің жарияланымдарын беріп отыратын белсенді деген пайдаланушыларға аударылды.
Қазақстандықтардың арасында ең танымал желі «ВКонтакте». Онда 1,945 миллион пайдаланушы отырады. Айына олар шамамен 45 миллионға жуық хабарламалар таратады. Олардың 53,8 пайызы ер адамдар болса, 46,2 пайызы әйелдер. «ВКонтакте» желісіндегі аудиторияның басым көпшілігін 18 жасқа дейінгі жастар құрайды. Жасы 18 бен 24-тің аралығындағы жастар саны бұдан сәл аздау. Ал, жасы 25-тен жоғары азаматтар саны белсенді пайдаланушылардың 25 пайызынан төмен.
Сондықтан, қазір Қазақстанда Instagram желісі танымал болып келеді деуге толық негіз бар. Бұл желіні 1,336 миллион адам пайдаланады, олардың басым бөлігі немесе 71,9 пайызы әйелдер. Ерлер саны Instagram желісінде сәйкесінше, 28,1 пайыз. Бұл желі бойынша пайдаланушылардың жас ерекшеліктері туралы мәліметтер жоқ. Айта кетерлік мәселе – аталмыш қызметтің танымалдылығы Tengrinews.kz аккаунтына тіркелгендер санымен ерекшеленіп отыр, 8-ақпанда олардың саны 100 мыңнан асты.
Бұдан кейінгі орынға «Мой мир» (Менің әлемім) желісі орналасқан. Оны 155,3 мың қазақстандық пайдаланады. Олардың арасында әйелдер – 59,5 пайыз, ерлер 40,5 пайыз. Бұл азаматтардың жас ерекшеліктері 25 пен 34-тің арасында. Сонымен қатар, «Мой мир» желісінде 35 пен 44 жас аралығындағы азаматтар саны да жетерлік. Бұл желі жастар арасында аса танымал емес. Жастар желіні пайдаланушылардың тек 20 пайызын ғана құрайды.
Facebook әлеуметтік желісін Қазақстанда 125,8 мың адам қолданады, олардың басым бөлігін немесе 60,3 пайызы әйелдер құрайды. Бұл желінің бір ерекшелігі мұнда жасы 18-ге жетпейтін жастар саны жоққа тән, небәрі 0,1 пайыз. Аудитория негізінен 25-34 жасындағы азаматтар құрайды, олардың саны 45,4 пайыз. Сондай-ақ, тағы бірі ерекшелік - Facebook желісінде 55 жастан асқан азаматтар да бар. Олардың саны 5 пайызға жуық.
Ересек азаматтар ерекше көп пайдаланатын желілердің бірі «Однокласники» (Кластастар) желісі. Бұл желідегі азаматтардың жастары 69,3 мыңнан асады және олардың жастары негізінен 25-тен жоғары болып келеді. Сонымен бірге, желіні пайдаланушы әрбір бесінші азаматтың жасы 55-тен жоғары. Пайдаланушылардың 74 пайызы әйелдер, 26 пайызы ерлер.
Танымалдылығы жағынан әлеуметтік желілердің ең соңында тұрған Twitter. Оның белсенді пайдаланушылары бүгінде 16,6 мың адамды құрайды және онда ерлердің саны басым, яғни 52 пайыз. Бұл желіні пайдаланушылардың да жас ерекшеліктерді туралы мәліметтер жоқ.