Жапонияның ең ірі автоконцерні Toyota елдегі 16 зауытта болаттың жетіспеуінен конвейерлерді алты күнге тоқтатты. Бірлестіктің бағалауынша, бұл 70-80 мың бірлік көлік шығарылымының қысқартылуына әкеліп соқтырады. Toyota бұл қадамға соның ішінде қозғалтқыштарды жинау кезінде пайдаланылатын болаттың жетіспеушілігіне байланысты баруға мәжбүр болған.
Бұған қаңтарда Айти префектурасындағы қосалқы бөлшек жеткізуші зауыттардың бірінде болған жарылыс себеп болып отыр, деп хабарлайды РИА Новости. Жапонияда компанияның иелігінде автомобильдерді құрастыратын 16 кәсіпорын бар. Күн сайын Жапонияда конвейерден бұл марканың 13-14 мың көлігі шығарылады.