
«Халықаралық журналистік бағдарламалар» ұйымы (Internationale Journalisten-Programme/IJP) журналистерді Марион Денхофф атындағы шәкіртақыға өтініш беруге шақырады.
Екі айлық бағдарлама мақсаты – халықаралық тақырыптарды жазуға маманданған жас журналистерге шетелде біліктілігін арттыруға көмектесу.
Бағдарламаға 23-35 жас аралығындағы БАҚ қызметкерлері қатыса алады. Үміткерлер неміс тілін еркін меңгерген болуы тиіс.
Жоба 2016 жылдың қазан айында басталады. 4 күндік алғашқы семинар Германияның бір қаласында немесе Шығыс Еуропада болады. Бағдарлама неміс редакциясындағы 8 апталық іс-тәжірибемен жалғасады.
Әр қатысушы жол шығыны, медициналық сақтандыру және Германияда тұруына 3800 еуро көлемінде шәкіртақы алады.
Айта кетейік, өтініштер 15 сәуірге дейін қабылданады.
www. ijnet.org
ФОТО: academia.kz
