Қарағандылық мұғалімдерге екпе салына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық мұғалімдерге екпе салына бастады

03.03.2021

Бүгін қарағандылық мұғалімдерге екпе салына бастады. Өңірде 30 мыңнан астам оқытушы бар. Екпе алуға 6 мыңнан астамы өз еркімен келіскен. 7 мың екпе арнайы кабинеттерге жеткізілген. Облыс бойынша мұндай 115 кабинет жұмыс істеп тұр. Педагогтармен қатар медицина саласы қызметкерлерін де вакциналау жалғаса бермек. 

Гүлшат Бағрамова, Нүркен Әбдіров атындағы мектептің директоры:
Тексеруден өттім. Денсаулығыма байланысты кедергілер болмағаннан кейін осылай егілуге келдім. Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін әр мұғалім жауап береміз. Ол мұғалімнің тікелей міндеті. 

Сыр өңіріне «Спутник V» вакцинасының тағы 6200 дозасы жеткізілді. Коронавирусқа қарсы препараттардың басым бөлігі аймақтың жеті ауданы мен Байқоңыр қаласына жөнелтіледі. Бүгінде облыстағы емдеу мекемелері вакцина сақтайтын арнайы тоңазтқыштармен толық қамтылды. Екпенің бірінші компонентін өңірде мыңға жуық медицина қызметкері алды. Соның 500-ден астамына екінші дозасы да салынған. Осы айдан бастап мұғалімдер, полиция мен күштік құрылымдардың қызметкерлеріне де вакцина егіледі. 

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу