Әйел әрдайым – әдемі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйел әрдайым – әдемі

20.04.2015
Әйел әрдайым – әдемі

Теріні таза әрі нәзік, бетті шырайлы қалпында сақтауға, әжім түсірмеуге деген талпыныс – әр әйелде бар. Алайда, жас  ұлғайған сайын  кейбір жандар күнделікті тірліктің қамымен немесе  жалқаулық басып, тері күтіміне аса мән бермей кетеді. Осының салдарынан беттің әрі тая бастайды.

Ал, жүкті әйелдердің бетінде түрлі дақтар пайда болады. Бұдан қалай құтылуға болады? Келбеттің көркін аша түсу  үшін не істеу керек?

Бояну арқылы  «жаманын жасырып, жақсысын асырудың» оңтайлы тәсілдері туралы білесіз бе?  Әйелдер қауымына make-up жөнінде не білу шарт?

Бүгін 15:05-те «Әйел бақыты» сұлулық сырларымен бөліспек.

Хабарламаларға жазылу