Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін әлі де болса жетілдіре түсу керек – Д.Назарбаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін әлі де болса жетілдіре түсу керек – Д.Назарбаева

05.02.2016
Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін әлі де болса жетілдіре түсу керек – Д.Назарбаева

Үкімет басшысы орынбасарының сөзінше, Ұлттық бірыңғай тестілеу төңірегінде даулы мəселе көп. Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеу жақсы идея. Өйткені ол осы саладағы жемқорлық әрекеттерінің азаюына ықпал етті. Министрлік пен үкімет өкілдері мектептердегі білім сапасы туралы толық ақпарат алатын болды.

«Алайда, ҰБТ білім сапасын нақты көрсететін жетілген жүйе деуге келмейді. Мектептің рейтинін бағалайтын өзге де бірқатар көрсеткіштер бар», - деген Премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары ҰБТ ата-ана үшін де, бала үшін де кəдімгі моральдік-психологиялық мəселеге айналғандығын атап өтті.

«Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға кеткен бала «соғысқа» аттанғандай болады. Олай болмауы керек. Өздеріңіз білетін əртіс Тұрсынбек осы мəселені əзілмен көрсеткен. Бізде осы мәселе бойынша құзырлы министрлік өкілдерімен осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз.    Ұлттық бірыңғай тестілеу талантты баланың болашағына кедергі болмауы керек. Бұл жүйені барынша  ыңғайлы, жүйелі етуге күш салып жатырмыз», - деді Д.Назарбаева.

Хабарламаларға жазылу