Әлем елдерінде азық-түлік бағасы шарықтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем елдерінде азық-түлік бағасы шарықтап тұр

09.04.2021

Әлемде азық-түлік бағасы 2014 жылдан бері рекордтық деңгейге қымбаттады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы хабарлады. Бағаның шарықтауы 10 ай қатарынан байқалуда. Ал наурызда ақпанмен салыстырғанда 2,1 пайызға артып, ең жоғары көрсеткішке жеткен. Әсіресе өсімдік майы мен сүт өнімдерінің бағасы күрт өскен. Мамандар мұны кейбір тауарларға сұраныстың артуымен, сауданың жандануымен түсіндіріп отыр. Ал бидай, жүгері, күріш сияқты дәнді-дақылдардың бағасы, керісінше, арзандаған.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу