Еліміздің ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдер көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдер көлемі артты

14.09.2015
  Еліміздің ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдер көлемі артты

«Ағымдағы жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 21,2 млн гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 14,9 млн гектер, бидай – 11,7 млн. гектар болады. Сондай-ақ майлы дақылдар 2 млн. гектар болса, мал азықтық дақылдар – 3,7 млн,  көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 425 мың га алқапта егілді», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәліметтерде.

 

2014 жылмен салыстырғанда дәнді жемдік, жарма, бұршақты дақылдардың алқаптары 316 мың гектарға, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 12,5 мың гектарға, мал азықтық дақылдар – 400 мың, қант қызылшасы – 7,4 мың гектарға көбейді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша, егін жинау жұмыстары барлық аймақтарда белсенді жүріп жатыр. 14 қыркүйектегі жағдай бойынша шамамен 6,3 млн гектар дәнді дақыл жиналды. Бұл 2014 жылғы сәйкес деңгейден 25,9 мың гектарға артық.

Бұған қоса 6,9 млн. тоннадан астам астық бастырылып, түсім 10,9 ц/га құрады. Бұл өткен жылдың деңгейінен 0,2 ц/га артық. Оңтүстік аймақтарда жүгері мен күрішті санамағанда, жалпы дәнді дақылдардың ору науқаны аяқталды.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу