Олар таратқан мәліметтер бойынша, қатерлі науқастан соңғы қайтыс болған азаматты Тбилисиде тіркеген. Орталық өкілдері мерт болған азамат өзге аурулармен науқастанбағанын, алайда оның медицина мамандарына тым кеш келгендігі хабарланады.
Грузияның Денсаулық сақтау миинистрлігінің өкілдері елде доңыз тұмауы эпидемиясының қаупі жоқ екендігін, соған қарай халықты бос дүрлікпеуге шақырды. Вирустың тарау қаупінің алдын алу шарасы ретінде Грузияның Білім беру министрлігінің шешімімен Тбилиси мен өзге де қалалар мен аудандардағы балбақшалар жабылды.
Тап осы себеппен қаңтардың 28-і мен 1 ақпан аралығында Грузияның 282 мектебінде сабақтар тоқтатылды. Грузияның Денсаулық сақтау минитрлігінің мәліметтері бойынша, 2009-2012 жылдар аралығында H1N1 вирусынан 35 адам өмірден қайтқан. Одан кейінгі жылдар індеттің салдарынан мерт болудың тағы бірнеше жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Ресейдің ТАСС агенттігі.