Инвесторлар активін сақтау үшін алтын сатып алып жатыр

16.11.2020

Ал осы дағдарыстан қорыққан инвесторлар алтын сатып алып жатыр. Бағалы металдың құны қымбаттап барады. Қазір бір унциясы мың тоғыз жүз долларға таяу. Халықаралық сарапшылардың айтуынша пандемия көптеген бизнесменге шаш етектен шығын келтірген. Енді екінші толқын кезінде активтерін сақтағысы келген инвесторлар алтын саудасының көркін қыздырған. Бағалы металды әсіресе Еуропа мен АҚШ-та көптеп сатып алып жатыр. Ал елімізде қазан айының өзінде 3 мыңнан астам алтын құйма сатып алынған.  

Досжан Маратұлы 


Инвестор алтын Бағалы метал

Хабарламаларға жазылу