Әлемдік үздік автоконцерндер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік үздік автоконцерндер анықталды

28.01.2016
Әлемдік үздік автоконцерндер анықталды

«Toyota» біріншілікті сақтап қалды. 2015 жылдың қорытындысына сай жапондық әйгілі компания тағы да «үздік» деп танылған. Автоконцерн былтыр 10 млн-нан астам машина сатқан. Бұл осымен «Toyota»-ның 4 жыл қатарынан алға шығуы, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Дегенмен, «Volkswagen»-нің осы жолы бірінші атануына мүмкіндігі бар еді. Жыл басында атамыш компания жапондық әріптесін біршама озғаны болатын. Бірақ, күзде дизельге қатысты шыққан шу оның саудасын 2 пайызға құлдыратып жіберді. Сөйтіп, 10 млн-ға жуық көлік сатылыпты. Үшінші орынға «General Motors» тұрақтаған. Компанияның саудалағаны - 9,8 млн көлік. 

Хабарламаларға жазылу