Атақты әнші, ақын әрі композитор Мәди Бапиұлының күнделікті тұрмыста пайдаланған бұйымдарын Құдайберген Бәтиев деген азамат мұражай қорына тапсырды. Ақынның насыбай үгітетін құтысы мен бір метрге жуық тоқпақ бүгінгі күнге дейін қаз-қалпында жеткен.
Қуғын-сүргін көрген шағында Мәди бабамыз бұл тұрмыстық бұйымдарды өзінің жақын досы Әкбар Смайылға табыстаған. Қария 1986 жылы қайтыс болар шағында дала дауылпазының мұрасын ауыл тұрғыны Қ.Бәтиевке тапсырыпты.