Алматыда әлеуметтік әлсіз топтарға арнап 2 мың 900 пәтер салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әлеуметтік әлсіз топтарға арнап 2 мың 900 пәтер салынады

27.01.2016
Алматыда әлеуметтік әлсіз топтарға арнап 2 мың 900 пәтер салынады

Биыл Алматыда әлеуметтік әлсіз топтар үшін 2900 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Бүгінде кезекте 25 мың адам тұр. Жалпы жыл сайын  тізім 5 пайызға толығып отырады. Бағдарлама тиімді болғандықтан,  кезекке тұрушылар қатары өсуде. Былтыр біз 2800 пәтерді пайдалануға бердік. Биыл 2900 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деді Байбек.

Ол әлеуметтік аз қамтылған халыққа арналған баспана құрылысы 2015 жылы 1,7 есеге ұлғайғанын айтып өтті.

Сонымен қатар, қала басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық даму бағдарламасы Алматыда белсенді жүзеге асырылып жатқандығын айтты.

«Бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында жаңа ықшам аудандарды, қосылған аудандарды сумен жабдықтау жақсарды, сондай-ақ, ауызсуы тапшылығы төмендеді», - деді Б.Байбек.

Хабарламаларға жазылу