Әлеуметтік әлсіз топтарға кепілді мемлекеттік көмек беру жөнінде жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік әлсіз топтарға кепілді мемлекеттік көмек беру жөнінде жиын өтті

02.11.2018

Қазақстандағы балалар үйі түлектерінің 65 пайызы құқықтық көмекке мүлдем жүгінбейді. Өйткені, олардың көбі заңның күшіне күмән келтіреді. Ал, негізінде ата-ана қаруысыз қалғандардың 69 пайызы баспана алуға қатысты сұрақтарда адвокаттардың көмегіне мұқтаж. Бұл Еуропалық Одақтың қолдауымен еліміздің 7 өңірінде жүргізілген әлеуметтік жоба аясында белгілі болды. «Қоғамның әлжуаз тобына құқықтық жәрдемдесу жобасы» өткен жылы басталды. Оның аясында еліміздегі әйелдердің 65 пайызы жолдасының немесе бірге тұрып жатқан адамының тарапынан физикалық не психолиялық сипатта зорлық-зомбылыққа ұшырайтыны да белгілі болды. Зерттеуге алынған аудитория - қиын жағдайға тап болған әйелдер, мінез-құлқы нашар жасөспірімдер, балалар үйінің түлектері мен сотталғандар. Енді бұл мақсатта жоғарыда аталған адамдарға қолдау білдіру жұмыстары жүргізілмек. 

Ақмарал Қаралбаева, «Қазақстандағы әлжуаз топтарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіру» жобасының менеджері:

- Бізде жобада сарапшылар болды. Олар Қазақстан Республикасындағы топтарға қатысты заңнама немесе мемлекеттік кепілдендірілген құқық көрсету жүйесіне қатысты заңнамаларды зерттей отырып, ұсыныстар жасады. Ең бірінші ұсыныс – тегін көмек көрсететін заңға өзгеріс енгізіп, біз атап өткен әлжуаз топтар көмек алуға мүмкіндік беру.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу