«Оңай» жүйесі - өте маңызды бағыт. Сондықтан осы тұрғыда күнделікті мониторинг жүргізудеміз, деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек. Бұл туралы Almaty.tv хабарлайды.
«Атап айтқанда, республика бойынша Алматыда осы жүйеге қосылған алғашқы қала. Сингапур, Гонконг және алдыңғы қатарлы өзге де оңтүстік-шығыс елдердегі шаһарлар қоғамдық көліктерде жүруге арналған карталармен жұмыс істеуде. Бүгінде жол жүру билеттерінің қысқаруына қатысты сауалдар көп қойылуда. Осы кезге дейін нарықтың осы түрі толықтай ашық емес, түсініксіз болған, яғни шығыстар мен кірістер қаншалықты екені айқын емес еді. Бүгінде біз нарық көлемі 19-20 млрд теңге екенін байқап отырмыз, ал шамамен 6-7 млрд теңгені «көленкелі экономикадан» шығарамыз деп топшылап отырмыз», - деді Бауыржан Байбек.
Әкімнің айтуынша, жолаушылар тасымалы бойынша пікірлер назарға алынып, мәслихат отырысында депутаттар қолдаса, жол жүру билеттері қайта іске қосылады.
«Жеті жасқа дейінгі балалар ақысыз жүреді, мектеп жасындағы оқушылар үшін 1000 теңге, зейнеткерлерге 2000 теңге және көп балалы аналарға 2000 теңге, студенттер үшін 3000 теңге қарастырылуда. Сонымен қатар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар қалада тегін жүреді. Бұл бағыттағы шығыстар жергілікті бюджет үшін қомақты қаржы», - деді әкім.