«Әзіл әлемін» көріңіз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әзіл әлемін» көріңіз!

06.03.2016
«Әзіл әлемін» көріңіз!

Күлкі – өмірдің кілті. Гелатология (күлкіні зерттейтін ғылым) күлкі адам өміріне айтарлықтай игі ықпал етеді, дейді.

Елімізде танымал әзіл-сықақ театрлары көп емес. Солардың арасындағы Тұрсынбек Қабатовтың «Әзіл әлемі» театры көпшілікті күлкіге қарық қылып жүрген отау.

Өмірден алынған шынайы әзілдер, оның ішінде ауылдағы ағайын, ерлі-зайыптылар арасында кездесетін түрлі жайттар, қалалықтардың өмірі сынды тақырыптағы  сықақ әңгімелер кімді де болса қызықтырары хақ.

Бүгін 21:00-де «Әзіл әлемінің» жаңа бағдарламасын Ұлттық арнамен бірге тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу