«Өндірісті ашамын деп жоспарлау бір бөлек, ал, ол жоспарды орындау үшін қауіппен ұштасқан тәуекелге бару керек болды...».
Үлкен мақсаты жолында тәуекелге бел буған Қымбат Әлкенқызы бүгінде «Стоун-декор» компаниясын басқарып отыр.
Талай қиындықты еңсеріп, жүріп өткен жолдарын: «Қазір еске түсірсем, ол кезде біз пышақтың жүзімен жүргендей болыппыз»,-деп еске алады.
Мәрмәр тас өндіруші компания басшысы бүгін 15:35-те табыс сырымен бөліспек.