«Қазақстан» Ұлттық арнасы «Табыс сыры» жобасын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық арнасы «Табыс сыры» жобасын ұсынады

11.01.2016
«Қазақстан» Ұлттық арнасы «Табыс сыры» жобасын ұсынады

«Табыс сыры» бағдарламасында еңбексүйгіштіктің арқасында өз ісінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген адамдар туралы баяндалады.

Көрермендеріміз бағдарламаның бас кейіпкері арқылы табысты адамның жеке ісін қалай бастағаны және кәсіпкерлік жолында қандай тосқауылдардан өтетіні туралы біледі. Яғни бұл бағдарлама алдыңғы қатарлы қазақстандық кәсіпкерлердің тәжірибелерімен танысуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның кейіпкерлері өз істерінде биік белестерге қол жеткізген әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың иелері. Олар табысқа қол жеткізу сырларымен бөлісіп, ойларымен ортаға салып, бизнестерін қалай бастағыны туралы баяндайды.

Бұл бағдарлама істерін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлермен қатар, қалыптасқан кәсіпкерлер үшін де қызықты, әрі танымды болмақ. Хабар кейіпкерлерінің жеткен жетістіктерін мысалға қойып, қазіргі кезде еңбек пен жігерлілік танытудың арқасында қандаі жетістіктерге жетуге болатынын көрсетеді.

Бағдарлама аясында билік пен отандық бизнестің қарым-қатынасының барлық қырлары мен кәсіпкерлікті дамытудағы мүмкіндіктер қарастырылады. Әрбір көрермен өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.

«Табыс сыры» бағдарламасының премьерасы 13 қаңтарда «Қазақстан» арнасында өтеді және эфирге аптаның әр сәрсенбісінде сағат 17:55 тұрақты шығып тұратын болады.

Өз кезегінде «Қазақстан» телеарнасы әртүрлі пайдалы бағдарламалар, ток-шоу, сериалдар және фильмдермен көрермендерді ары қарай таңқалдыра бермек.

Хабарламаларға жазылу