Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жылжымалы дәріхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жылжымалы дәріхана ашылды

25.02.2020

Енді арнайы көлік бекітілген кесте бойынша ауыл-ауылды аралап, арзан бағамен дәрі-дәрмек жеткізеді. Бұған дейін өңірде жалғыз стационарлық дәріхана болды. Шалғай елді-мекеннің тұрғындары дәрі алу үшін аудан орталығына, 300 шақырым қашықтықтағы Қарағанды қаласына баруға мәжбүр еді. Қазір бұл қиындық артта қалды. Тіпті тұрғындар қажетті дәрісіне алдын-ала тапсырыс беруіне де болады. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу