«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты іс сотқа жіберіледі

14.01.2021

«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты тергеу аяқталды. Іс жақында сотқа жіберіледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.

Алик Шпекбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы:
Ең бастысы, іс аяқталып, қазір құжаттармен танысу жұмысы жүріп жатыр. Қорғаушылар да сұрақтарын қойып, тараптар жауап беруде. Іс жақында сотқа жіберіледі. Ал, оның кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Оған қызметін асыра пайдаланғаны үшін айып тағылып отыр.

Елордада әлеуметтік дәріхана ашылды. Бұл нысан халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына арналған. Сондықтан дәрі-дәрмек бағасы нарықтағыдан айтарлықтай арзан. Мәселен, дәріхана иесі құны 3000 теңгеден жоғары тауарға 4 пайыз ғана үстеме қоса алады. Себебі, дәрілер тікелей қоймадан жеткізіледі. Сондай-ақ, дәріхана иесі тек коммуналдық төлемдерді өтейді, жалға алу тегін. Алдағы уақытта қаланың әрбір ауданында осындай дәріханалар ашу көзделіп отыр.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу