Аргентина билігі елде қылмыстың дендеуіне байланысты қоғамдық қауіпсіздік саласында төтенше жағдай жариялап, елдің әуе қауіпсіздігін жіті бақылау қажет деген шешімге келіп отыр.
Бұл туралы бүгін ел президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай ұйымдасқан қылмыспен және есірткі саудасымен күрес мақсатында бір жылға елдің барлық аймағына жарияланды. Жарлыққа сәйкес, елдің әуе кеңістігін қорғау бойынша қосымша шаралар қолға алынады және Қарулы Күштердің өкілдеріне Аргентинаның кеңістігіне енген қылмыскерлерді қорқытып, сес көрсетіп, қажет жағдайда тіпті қару қолдануға да рұқсат етіледі.
Есірткі мафиясымен күрес өткен жылдың 10 желтоқсанында ісіне кіріскен Аргентина президенті Маурисио Макридің сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі болатын. Оңтүстіамерикалық мемлекет осы уақытқа дейін есірткіні Колумбия мен Перуге тасымалдаушылардың сауда алаңы ғана емес, есірткіні Еуропаға жеткізушілер тұрақтайтын аймақ та болып келген. Олар әдетте какоинді тасымалдау үшін шағын ұшақтарды пайдаланады, деп жазды бүгін ресейлік ТАСС агенттігі.