Венадағы шабуылдан 4 адам қаза тапты
Аустрия астанасы Венада болған қарулы шабуылды исламшылдар жасаған. Бұл туралы мемлекет канцлері Себастьян Курц хабарлады.
Кеше кешкісін қарулы топ қаланың бірнеше ауданында оқ атып, төрт адам қаза тапты. Тағы он шақтысы жараланған.
Полицияның хабарлауынша, күдіктілердің біреуі қақтығыс барысында мерт болып, төртеуі тұтқындалды. Тағы бірнешеуі оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Қазір оларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы операцияға жүзден астам маман жұмылдырылды. Ел билігі болған оқиғаны «теракт» деп бағалап, күдіктілердің қылмысқа алдын ала дайындалғанын мәлімдеді. Осыдан кейін бүкіл ел аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіле бастады.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан» ШҚО-да жалпыхалықтық жобаға айналды
16.04.2026, 17:38
Ақмола облысында жүзден аса қоқыс полигоны заңдастырылмаған
16.04.2026, 17:33
Жеңіл өнеркәсіп нарығында отандық шикізат үлесі артады
16.04.2026, 17:30
Алматыдағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді
16.04.2026, 17:27
Қазақстан мен Тәжікстан қатынасы одақтастық деңгейге көтерілді
16.04.2026, 17:25
Вашингтон Тегеранмен келісім жасағысы келеді
16.04.2026, 17:22
Таразда бір күнде 107 мәселе қаралды
16.04.2026, 17:20
Алматыда телефон ұстаған 1200 жүргізуші айыппұл арқалады
16.04.2026, 17:17