«Балапан» арнасы байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» арнасы байқау жариялайды

19.01.2016
«Балапан» арнасы байқау жариялайды

Байқауға қатысу туралы өтінішер 2015 жылдың 29 желтоқсаны мен 2016 жылдың 29 қаңтары (қоса алғанда) аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, 18 қабат, «Балапан» телеарнасында қабылданады.

Бағдарламаның жанрлық бағыты:    

Бағдарлама жанры Бағыты Ұзақтығы (минут) Аудиториясы
1 Музыкалық телебағдарлама 75 минут 5 жастан жоғары
2 Музыкалық-танымдық телебағдарлама 20 минут 5 жастан жоғары

 

Тілі: Қазақша

Ұсынылған бағдарламаға қойылатын талап - ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласына қатысты ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.

Қатысушы төменде көрсетілген талаптарға сай болғаны шарт:

Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс (балалар аудиториясымен жұмыс істегендігі де ескеріледі), ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі. Қосымша ақпарат: Компания туралы қосымша ақпарат пен жасалған жобалар туралы презентациялық материал ұсынуға болады.

Толығырақ ақпаратты 8 (7172) 55 38 01 телефонына хабарласып немесе balapan@kaztrk.kz электронды мекен-жайы арқылы ала аласыздар.

Хабарламаларға жазылу