Ноутбук сатып алған дұрыс па, әлде стационарлы компьютер пайдалы ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ноутбук сатып алған дұрыс па, әлде стационарлы компьютер пайдалы ма?

17.01.2016
Ноутбук сатып алған дұрыс па, әлде стационарлы компьютер пайдалы ма?

Бұл ретте айта кететін кеңес, екеуінің де мүмкіндіктерінің бір болғандығына қарамастан, стацинарлық компьютердің бағасы әдетте ноутбуктікінен айтарлықтай арзан. Сондықтан, компьютерді қоятын жайлы орын болса, стационарлық компьютерді-ақ сатып алған дұрыс. Стационарлық компьтердің тағы бір ерекшелігі оны жөндеумен байланысты. Яғни бұл компьютердің істен шыққан бөлшектерін бірден ауыстырып, жөндетіп алуға болады.

Дегенмен, стацинарлық компьютердің өзіндік кемшіліктері де бар. Мысалы: ол өте үлкен және оны тұрған орнынан өзге жерде қолдану өте қиын. Сондай-ақ оны тиімді пайдалана алу үшін оған қосымша құрылғылар сатып алу қажет. Айталық: интернетке қосылу үшін роутер, материалдарды көріп, тыңдау үшін микрофон, вебкамера, колонкалар қажет.    

Ноутбукке келетін болсақ, оның басты артықшылығы көлемінің шағындығы мен арнайы орнатылған аккумуляторында. Стационарлық компьютерді орнататын мүмкіндік болмаған жағдайда ноутбукті пайдалануға болады және оны кез келген жерде қолдана аласыз. Тіпті оны өзіңмен бірге саяхатқа алып шығуға да болады. Сондай-ақ, стационарлық компьютер үшін сатып алынуы қажет веб-камера, микрофон, колонкалар сияқты құрылғылар ноутбукте орнатылған, яғни онымен бірге болады.  Оған интернетке қосылатын құрылғы алудың да қажеті жоқ. Оның үстіне ноутбуктердің қолдан жасалғаны болмайды, ол тек зауытта ғана дайындалады. 

Ноутбуктің кемшіліктеріне келетін болсақ, оның жұмыс өнімділігі стационарлық компьютерге қарағанда төмендеу, алайда, бағасы қымбат және оны жөндеу де қиын. Қосымша бөлшектер жалғауға болмайды.

Сондықтан, Сіз осы екеуінің бірін сатып алғыңыз келсе, отбасы мүшелерінің үйде пайдалануына, түрлі ойындар ойнауға стационарлық компьютер тиімді. Ал, жұмыс істейтін адамдар үшін өнімділігі төмен болғанымен алып жүруге, әрі кез-келген жерде пайдалануға ыңғайлы ноутбук алған дұрыс.

Хабарламаларға жазылу