Хакас қандай ел? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хакас қандай ел?

17.01.2016
Хакас  қандай ел?

Хакасия– Ресей Федерациясының құрамындағы ел. Астанасы – Абакан қаласы. Алтай, Тыва Республикалары және Кемеров,  Красноярск облыстарымен шектеседі.

Хакасия жерін адам баласы ерте кезден, тас ғасырынан мекендеген. Олардың аң және балық аулап күнелткенін дәлелдейтін археологиялық ескерткіштер мол.

Хакастарда әртүрлі жанрдағы фольклорлық шығармалар: мифтік аңыз-әңгімелер, ертегілер, батырлық тарихи жырлар жақсы сақталған. «Алтын Арыг», «Албынжи», «Пора Нинжи», т.б. эпикалық дастандарда ертедегі хакас тайпаларының жат жұрттық шапқыншыларға қарсы күресі баяндалады.

Хакас  қандай ел? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:55-те «Түбі бір түркілер» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу