Елорда әкімдігі тұрғын үйге мұқтаждылар ретінде есепке алынған азаматтарды кезек бойынша бірнеше санатқа бөлді: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; халықтың әлеуметтік осал топтары; мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметкерлер; Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты болып танылған азаматтар.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспананың ауданы пайдалы ауданды жан басына есептегенде кем дегенде 15 шаршы метр болады және 18 шаршы метрден аспайды. Сонымен қатар, тұрғын үй беру кезінде жынысы әр түрлі тұлғаларды (ерлі-зайыптылардан басқа) бір бөлмеге орналастыруға жол берілмейді. Сондықтан, әрбір жеке отбасыға жеке пәтер типі таңдалады. Тиісті пәтер типі болмаған жағдайда, тұрғын үй коммуналдық қорында пәтерлер типі бар кезек бойынша тұрған келесі азаматтар қаралады.
«Айта кетейік, кезегі жақындап қалған отбасының құрамы бойынша екі және үш бөлмелі пәтер алуға үміткерлер қалалық коммуналдық қорда аталған пәтерлердің болуына қарай баспанамен қамтамасыз етілетін болады», деп хабарлайды astana.gov.kz.