Қазіргі жас композиторлардың бірі Айдарбек Рысбек Шәмші дәстүрін сақтап, ән жазуды қағида санайды. Өзі Халық әртісі Роза Рымбаеваның репертуарына екі ән қосқан. Кезінде дәстүрлі ән факультетінде білім алған.
Роза Рымбаеваның өзінің әнін орындауына не себеп болғаны туралы әнші: «Менің ойымша, Сәкен Жолдасовтың «Он и Она» фильміндегі «Махаббат әні» Роза Қуанышқызының көңілінен шыққан сияқты. Кейін Әли Оқапов хабарласып, ән сұраған еді. Содан бері тығыз байланыстамыз. Әзірге екі ән жазылды. Біріншісі «Салған әнім», екіншісі «Құрды-достар» деп аталады»,-дейді.
«Әрбір әнші әнді жүрекпен айтуы – міндет. Мен әндерімді өзім шығарып, өзім орындағаннан кейін шығар, жүрекке жетеді. Сондай-ақ, әннің өңдеуі мықты болғаны жөн».
«Дәстүрлі ән тыңдаймын. Өйткені, өзім бір курсты осы бағытта оқыдым. Репертуарымда халық әндері де бар»
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.