![Каратэдегі тамешивари әдісінің қыр-сыры (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52541.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елімізде шығыс жекпе-жегінің түрлері жаңаша қырымен дамуда. Жапондардың «каратэ - спорт емес, өмір жолы» деген сөзі бар. Спорттың бұл түрімен шұғылданатындар семіздік, жүрек ауруы, күйзеліс сияқты түрлі дерттерден аулақ болады.
Каратэдегі тамешивари - тақтай, мұз және өзге де қатты заттарды сындыру әдісі. Ол спортшылардың өз-өзіне сенімділіктерін арттырып, қандай жағдай болмасын, тепе-теңдікті сақтауға үйрететін әдіс.
Қатты заттарды шынтақпен, білекпен, қолдың ұшымен, қырымен, сондай-ақ, түрлі қашықтықта, биіктікте сындыру - тамешивари әдісінің тармақтары саналады.
Әр спортшы каратэнің жоғарғы сатысына өту үшін осы әдіс бойынша сынақтан өтеді. Ал, каратэмен жаңадан шұғылданушылар үшін бұл әдісті байқап көрудің өзі - қауіпті.
Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Каратэдегі тамешивари әдісінің қыр-сыры (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/102225/)